Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1504/19
    В Алматы прошел круглый стол по разъяснению внесенных изменений в Закон Республики Казахстан «Об обеспечении единства измерений»

Алматы қаласында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістердің заңды күшіне енуіне байланысты 2019 жылғы 12 сәуірде ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті осы өзгерістерді түсіндіру бойынша, оның ішінде мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдердің тізбесі және оларға қойылатын метрологиялық талаптар туралы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының, «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ,  «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласындағы филиалының, «ҰАО» ЖШС Алматы қаласындағы өкілдігінің, салыстырып тексеру зертханаларының және Алматы қаласында кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен нормативтік құқықтық актілер түсіндірілді.

Сондай-ақ, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік органдар бекіткен мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбесі туралы ақпарат жеткізілді.

Дөңгелек үстел соңында ашық диалог пен нәтижелі пікір алмасу өтті, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, қажетті жауаптар алды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті