Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

2309/19
Рабочая встреча с экспортоориентированным  предприятием прошла в Алматинской области

Алматы облысында экспортқа бағытталған кәсіпорында жұмыс кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің қызметкерлері «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК Талдықорған филиалымен бірге Алматы облысының Талғар ауданындағы «NUR KAGAZY» ЖШС базасында жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесудің мақсаты техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын және экспортқа бағытталған компанияларды мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру болды.

«NUR KAGAZY» ЖШС - Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасына қағаз және картон экспорттайтын жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі. Өнімдер қауіпсіздік растайтын сертификаттар және декларациялар мен қамтамасызетілген. Өнімнің барлық бағыты бойынша сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында компания өндірістік зертханамен жабдықталған.

Отырыста техникалық реттеу саласындағы проблемалық сұрақтар айтылды, оларға сауатты және негізделген жауаптар алынды.

Жұмыс мәжілісінің қорытындылары бойынша компанияға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында компанияға «Қазақстан метрология институты» РМК-ға жүгіну және 2020 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарына ұлттық стандарт әзірлеуге өтінім беру ұсынылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті