Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1208/19

Алматыда "қарапайым заттар экономикасы" салаларының тауарларын сатып алуда ұлттық стандарттарды қолдануды түсіндіру бойынша Өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті

2019 жылдың 9 тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті Алматы қаласы бойынша "Қазақстан стандарттау институты" РМК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының хаттамасын орындау аясында "қарапайым заттар экономикасы" салаларының тауарларын сатып алуда ұлттық стандарттарды қолдану бөлігінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша Өңірлік қалалық штабтың кезекті отырысы өтті.

Өңірлік қалалық штаб отырысына Алматы қаласы мемлекеттік органдарының, Алматы қаласы бойынша "Қазақстан стандарттау институты" РМК, Алматы қаласындағы "ҰАО" ЖШС өкілдігі, Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы, Алматы қаласының сегіз ауданы әкімінің аппараты өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсету бөлігінде талаптарын сақтамауы туралы мәселелер талқыланды.

Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы бастығының орынбасары – Х.У. Әміржановтың "Бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын тауарларды сатып алу кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру", Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы - Ж.Мұрзақұлованың "Қарапайым заттар экономикасы" салаларының тауарларын сатып алу кезінде ұлттық стандарттарды қолдану бөлігінде қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру" және "ҚазСтИн" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының стандарттау бөлімінің бастығы – Б. С. Мұхамеджанованың "Техникалық ерекшеліктерде ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың қолданылуына талдау" тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, бюджет қаражаты есебінен сатып алынатын тауарларға 2020 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспарына енгізу үшін стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстарды әзірлеумен олардың ұлттық стандарттармен қамтамасыз етілуі тұрғысынан талдау жүргізуге қатысты мәселелер талқыланды.

Өңірлік штаб қорытындысы бойынша стандарттарды қолдану бойынша мерзімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті