Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1103/19
Гарантия безопасности продуктов переработки зерна

Астық өңдеу өнімдерінің қауіпсіздік кепілі

Метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті қызметкерлері «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ аккредиттелген сынақ зертханасының өкілдері арасында кездесу өткізді.

Зертхана астық және дәнді бұршақ, майлы, дәнді дақылдарды, ақуыз бар қоспаларды  сынақтан өткізеді.

Департамент мамандары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын және кеден одағының техникалық регламенттерін «Астықтың  қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 015/2011), «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) түсіндірді және азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық актілердің мақсаты мен міндеттері туралы айтты, сондай-ақ дәл емес өлшеулердің салдарынан қорғану қажеттігі туралы еске салды.

Кездесудің қорытындысы бойынша техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттар туралы ақпараттандыру және хабарлау арқылы ынтымақтастық туралы бірлескен шешім қабылданды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті