Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1204/19
Вопросы маркировки обуви и лекарственных средств обсудили на площадке "Атамекен"

«Атамекен» алаңында аяқ киім мен дәрілік заттар мәселелері талқыланды

Бизнес-қауымдастық мемлекеттік органдармен бірге ҚР «Атамекен» ҰКП жанындағы Жобалау кеңсесі аясында аяқ киім өнімдері мен дәрілік заттарды маркерлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

2019 жылғы 29 наурызда Еуразиялық экономикалық одақта индентификациялау құралдарымен  тауарларды маркерлеу туралы келісім күшіне енді. Осы мәселеде Қазақстан ЕЭО-Ресей бойынша өзінің негізгі сауда әріптесіне қатысты белсенді ұстанымда және бұл жұмыс 3 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Отырыс барысында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев ҚР ИИДМ-ға республикадағы тауарларды маркерлеу және оларды ілгерілету мәселелері бойынша үйлестіруші органдардың өкілеттігі берілгенін айтты. Сондай-ақ, ЕЭО-қа қатысушы елдердің аяқ киімді маркерлеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу жоспарындағы маркерлеу және оны ілгерілету бойынша пилоттық жобаларды жүргізудің Жол картасы әзірленгенін жеткізді.

Сондай-ақ, маркерлеуді енгізудің негізгі проблемалары айқындалды. Атап айтқанда, импортқа, траншекаралық байланысты қалыптастыруға, ұсақ сауда, инфрақұрылым, жобаның қаржылық моделі, ЕЭО елдерінің маркерлеуді бірлесіп тануы сияқты мәселелер айтылды.

«Дәрілік заттарды маркерлеу мәселелерімен уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, тауарларды акциздеумен ҚР Қаржы министрлігі, қайта өңделген тамақ тауарларымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысатын болады»,- деп атап өтті Арман Шаққалиев.

ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт негізгі мәселелердің бірі тауарларды міндетті маркерлеуді енгізу кезінде бизнес қаржылық шығындарға ұшырайтынын атап өтті.  Пилотты жобаларды оған қатысатын өндірушілер тарапынан шығын шығармай өткізу ұсынылды.   

«Маркерлеуден қандай нәтижелер күтілетіні, қандай мақсаттар қойылатынын айқындау маңызды.  Фискалды мәселелер мен кедендік әкімшілендіру мәселелерін шешу үшін  маркерлеуден де басқа инструенттер жеткілікті. Пилотты жоба қорытындысы бойынша сапалы талдау қажеттігі, осы және өзге тауарды міндетті маркерлеуді енгізудің мақсаттылығы туралы шешім қабылдауға қол жеткізеді. ЕЭО елдерінде біржақты тәртіпте маркерлеуде  өзара саудаға кедергіні болдырмауды енгізу», - деп атап өтті Евгений Больгерт.

Жеңіл өнеркәсіп секторында контрафактілер мен контрабандалық өнім үлесі өте жоғары және негізгі мақсат көлеңкелі экономикамен күрес екендігін Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны қауымдастығының президенті Любовь Худова атап өтті.

«Осы кезеңде мемлекеттік қорғаныс тапсырыс бойынша  тауарды маркерлеу қажеттігі жоқ. Адал бизнес пилотқа қатысу дайын, алайда бүгінгі күні нақтылық жоқ және аяқ киімді маркерлеу пилоттық жобасы бойынша бизнес процесте түсінбестік жоқ»,- деді Любовь Худова.

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы өкілеттігі дәрілік заттарды маркерлеуді талқылау аясында пилоттық жобаны екі кезеңде жүргізу жоспарланып отыр.  1-ші кезеңде бүгінгі күні DataMatrix маркерлеу жүйесінде импорттаушылар қатысатын болады, екінші кезеңде отандық өндірушілер қосылады.   ЭЛСҰО маркерлеу ГС1 халықаралық стандарты негізінде жүргізіледі. 1-кезеңде бүгінгі күні маркерлеу жүйесі бар импорттаушылар қатысады, екінші кезеңде  отандық өндірушілер қосылады. Сондай-ақ ЭЛСҰО маркерлеу ГС1 халықаралық стандарттар негізінде  маркерлеу  жүргізілетін болатындығын хабарлады және РФ-да қолданылатын маркерлеу кезінде криптографикалық қорғанысты қолдану шешімдері қолданылатын болады.

«Қазақстан ФармМедИндустрия» қауымдастығы президенті Расул Сұлтанов фармацевтикалық сала үшін РФ-да қолданылатын криптографиялық қорғанысты алып тастау маңызды мәселе болып табылатындығына тоқталды. Қазақстанда дәрілік заттарды маркерлеу үшінші елдердің импортын шектеу болып табылады. Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын көздеу қажет, маркерлеуді енгізудің ең төменгі құны  шағын кәсіпорын үшін дәрі өндірудің үш желісі бойынша 500 еуроны құрайды.

Отырыс қорытындысында Маркерлеу бойынша жол картасы ұсынған бірлескен пысықтаулар туралы, маркерлеуді енгізуде мемлекеттік қолдаудың нақты инструменті бойынша, сондай-ақ Ұлттық палатаның маркерлеу бойынша жобалық кеңсесі форматында бірлескен жұмысының келешктегі жүйесі туралы ұсыныстар дайындаужөнінде шешім қабылданды.

 ВОПРОСЫ МАРКИРОВКИ ОБУВИ И ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ ОБСУДИЛИ НА ПЛОЩАДКЕ «АТАМЕКЕН»

 ВОПРОСЫ МАРКИРОВКИ ОБУВИ И ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ ОБСУДИЛИ НА ПЛОЩАДКЕ «АТАМЕКЕН»


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті