Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1203/19
Специалисты департамента Комитета технического регулирования и метрологии МИИР РК по Алматинской области провели в торговых центрах Талгарского района рабочую встречу по разъяснению Закона Республики Казахстан «О драгоценных металлах и драгоценных камнях».  Специалисты департамента отметили, что при покупке ювелирных изделий необходимо обратить внимание на наличие единого пробирного клейма Республики Казахстан с изображением символа «Головы барса» и международной аббревиатуры Казахстан «KZ» с кодами уполном

"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы туралы

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары, Талғар ауданының сауда отралықтарында "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ) (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілген заңы туралы жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасының «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» туралы заңының қағидаларын түсіндіру болды.

Департамент мамандары зергерлік бұйымдарды сатып алу кезінде "Барыс басы" символы және уәкілетті ұйымдардың коды бар Қазақстан "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбасының, сондай-ақ осы бұйымды дайындаушының өзі келтіретін атаулы таңбасының болуына назар аудару қажет екендігін оған қоса бұйымдағы атау мен сынама таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алу белгілерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

Аталған заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ) белгіленген Заңның жоғарыда көрсетілген нормасында көрсетілген тұлғаларға қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде Комитеттің аумақтық департаменттері атынан уәкілетті орган арнайы есепке қою туралы құжат беретіндігін түсіндірді.

Заңның 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектіге (объектіге) бармай бақылау және профилактикалық бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемдері нысанында жүзеге асырылатындығы туралы департамент мамандар жеткізді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті