Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1109/19
«День открытых дверей для бизнеса»

«Бизнеске арналған ашық есік күні»

10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары басқа мемлекеттік органдармен бірге инвесторлар үйінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының алаңында өткен «Бизнеске арналған ашық есік күні» іс-шарасына қатысты.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жайық Хасановтың айтуынша, кеңес беру алаңы алғаш рет ұйымдастырылды. - Бұл Павлодар облысында шағын және орта бизнесті дамыту үшін өте өзекті. Біз барлық проблемалық мәселелерді қалай шешу керектігін, қандай бағытта жүру керектігін және қандай нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту қажеттігін білуіміз үшін, - дейді Жайық Хасанов.

 Жұмыс барысында кәсіпкерлік субъектілеріне Техникалық реттеу, стандарттау және метрология, өнімнің сәйкестігін растау саласындағы нормативтік құжаттар түсіндірілді. Сондай-ақ, мемлекеттік метрологиялық бақылау саласындағы ҚР Кәсіпкерлік Кодексіндегі өзгерістер қозғалды.

Сонымен қатар, осы алаңды апта сайынғы негізде ұйымдастыру жоспарлануда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті