Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1009/19
Государственные символы - гордость страны!

Ел мақтанышы-мемлекеттік рәміздер!

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары, Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі және «Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен Алматы облысы Көксу ауданы Мамбет және Айнабұлақ ауыл тұрғындарының қатысумен «Ел мақтанышы-мемлекеттік рәміздер» атты семинар өткізді.

Семинардың күн тәртібіне келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Ауыл тұрғындары назарына Мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны туралы мәлімет.

2. ҚР СТ 989-2014 "ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар" атты стандартын түсіндіру.

 3. Ұлттық стандартқа "Қазақстан" сөзін латын әріптеріне аудару бөлігінде өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарау.

4. ҚР СТ 988-2007 "ҚР Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар" стандартын  орындалу шарттарын түсіндіру.

Аталған іс-шараға ауылдық округ әкімдері, аудандық басқарма өкілдері, орта мектеп директорлары және жоғарыда аталған ауыл тұрғындары қатысты.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша мамандары мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны туралы толықтай мәлімет берді.

Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздердің қоғамдағы орны,  нарықты-сапасыз мемлекеттік рәміздерден қорғау, өндірушілер мен тұтынушыларды мемлекеттік рәміздерді дайындау және қолдану стандарттарына енгізілген өзгерістермен таныстыру.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті