Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1208/19

Халықаралық стандарттардың жаңа нұсқалары бюджеттік семинарда тыңдаушыларға таныстырылды

Нұр-сұлтан қаласында 9 тамыз күні Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты ұйымдастырған кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша семинар өтті.

Семинарға елордалық кәсіпорындар мен ұйымдар, олардың арасында мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, өндірістік кәсіпорындар, сәйкестікті растау органдары, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханалары, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, қауымдастықтар мен ЖОО өкілдерінен 100 тыңдаушысы қатысты.

- жыл сайын ақысыз негізде республиканың барлық 16 облысында осы оқыту семинарлары өткізіледі. Оқу, сертификаттау және ғылыми жұмыс басқармасының бастығы Гүлмайда Каримованың алғы сөзінде «Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі кешенді жоспар және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осындай іс-шараларды өткіземіз, - деп атап өтті.

Биылғы жылы семинардың негізгі тақырыбы ретінде - менеджмент жүйесі саласындағы халықаралық стандарттардың жаңа нұсқалары таңдалды. 2018 жылғы сәуірде қабылданған ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйымның сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсыныстар» және 2018 жылдың тамыз айында қабылданған ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Пайдалану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».

Аталған стандарттар өте өзекті болып табылады, өйткені сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге, өз қызметіне өзін-өзі бағалау жүргізуге, энергия тиімділігін, оның ішінде кәсіпорындардың энергетикалық нәтижелілігін жақсарту үшін қажетті кәсіпорын мамандарына жүйе мен процестерді құруға көмектеседі.

Семинарда дәріскер ретінде экологиялық менеджмент, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті, сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау бойынша сарапшы - аудитор Хадиша Исмағулова сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар материалдарды зерттеуге қызығушылық танытып, отандық және шетелдік нарықтарда жеткізушілерге қойылатын талаптардың өсу деңгейіне байланысты тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша 100 тыңдаушы оқытылды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті