Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1505/19
О новшествах в привлечении к административной ответственности

Әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша өзгерістер туралы

14 мамырда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті сәйкестікті растау, тауарлардың шыққан елін анықтаушы сарапшыларымен және өлшем құралдарының салыстырып тексерушілерімен кездесу өткізді.

Департаменттің басшысы Бауыржан Қасымов 2018 жылдың қазан айында шыққан Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттауды мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсініктеме берді.

58 заңға енгізілген 462 түзетулердің ішінен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бойынша өзгертулерге ерекше көңіл бөлінді. Ескіру мерзiмі, әкімшілік айыппұлының өзгеруі және техникалық регламенттерде, нормативтік құқықтық актілерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген аккредиттеу, сәйкестікті растау және (немесе) бағалау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру рәсімдері жүргізілу кезінде Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын бұзу үшін жауапкершілікті анықтайтын кодекстің жаңа 415-1 бабы толық қарастырылды.

Кездесудің қорытындысы бойынша ағымдағы мәселелер талқыланып техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша ұсыныстар жасалды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті