
«Magnum Cash&Carri» ЖШС-не түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2019 жылдың 23 қыркүйегінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметкерлері «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының және «ҚазМетрИн» РМК ОҚФ өкілдерімен бірлесіп «Magnum Cash&Carri» ЖШС-нің кәсіпорынына барды.
Бұл іс-шараның мақсаты техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы заңнаманы түсіндіру болды.
«Magnum Cash&Carri» ЖШС - Қазақстандағы ірі бөлшек сауда желі. Компания 2007 жылы құрылды. Негізгі қызмет Қазақстан Республикасының аумағында кең тұтынылатын тауарларды сату болып табылады, Қазақстанның 9 қаласында 60 сауда кешені жұмыс істейді, қызметкерлер штаты 9 000-нан астам адамға жетеді.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы Қатипа Жұманова техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнаманың негізгі ережелерін, сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын түсіндірді.
Аталған іс-шараның түпкі мақсаты кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасы шеңберінде қызықтыратын ақпаратты түсіндіру болып табылады.