Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1308/19

Мониторингтін қортындысы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 21-12/1712//19-03-11.40 бұйрығын орындау мақсатында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласының Қоғамдық даму департаментімен бірлесе отырып, лицензиаттар жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану (алу)  жағдайларын анықтау және мониторинг жасау мақсатында 23 мемлекеттік органдарға барды.

Мониторинг барысында мыналар анықталды:

- Бір мемлекеттік органда - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ҚР СТ 989-2014 талаптарына сәйкес келмейді;

- Бір мемлекеттік органда - ғимаратта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жоқ;

- Он бір мемлекеттік органда әкімшілік ғимараттардағы мемлекеттік органдардың атауы бар белгілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1371 қаулысымен бекітілген Ереженің талаптарына сәйкес келмейді;

- Екі мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі ҚР СТ 1430-2005 талаптарына сәйкес келмейді.

Мониторинг қортындысы бойынша мемлекеттік органдар басшыларына сәйкессіздіктерді жоюға ұсыныстар берілді.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті