Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1208/19

Павлодарда Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерді жыл сайын оқыту өтті

Павлодар облысының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін 5 жылдан астам тегін негізде техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқыту семинарлары өткізіледі. Осы жылдың аймақтық семинары 6-8 тамыз аралығында өтті.

Іс-шараны «ҚазСтИн» РМК филиалы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі қызметкерлердің, Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының кәсіби құзыреттілігінің деңгейін жетілдіру және арттыру мақсатында ұйымдастырды. Бұл оқыту одан әрі іс жүзінде өнімдер мен қызметтер өндірісін жетілдіруде жоғары нәтижелерге дұрыс және тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Биылғы жылы 88 маман оқудан өтті, оның ішінде мемлекеттік органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, машина жасау, металлургия, энергетика, химия, кабельдік және тамақ өнімдерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері.

Семинарға қатысушыларды Павлодар филиалының директоры Ерлан Қуатов құттықтады. Одан кейін тыңдаушылар 3 күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізімен танысты, Қазақстан Республикасында сәйкестікті растауды, менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдерді, Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесін және Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесін зерделеді.

Сонымен қатар қатысушыларға метрология саласындағы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы және «Табиғи минералды суды қоса алғанда, оралған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 044/2017) және «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 041/2017) ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері туралы дәріс оқылды.

Дәрістерді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ТРМКД басшысының орынбасары Гүлнара Яшкина, «КазИнСт» РМК бас маманы Рымкеш Исина, «НацЭкС» АҚ ШҚ филиалының өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау бастығы Ирина Колесникова, тәуелсіз сарапшы-кеңесші, минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі Казкен Оразалина және «КазИнМетр» РМК ШҚ филиалының 2 – санатты сарапшысы Ольга Савинкова оқыды.

Семинар барысында тыңдаушылар практикалық қызметте туындаған сұрақтар қойып, оларға дәріскерлер толық жауап берді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті