Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1503/19
Департамент Комитета по ВКО принял участие в институциональной аккредитации Государственного университета им. Шакарима

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің институционалды аккредиттеуіне қатысуы

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаменті университеттің білім беру қызметін аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінің «ARQA» стандарттарына сәйкестігіне Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің институционалдық аккредитациясына қатысты.

ARQA стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасы мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Еуропалық Жоғары білім кеңістігінде (ESG 2015) жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын бағалау және сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін құрудағы стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес әзірленді және институционалды аккредиттеуде жаһандық трендтер мен тәжірибені қамтиды және енгізеді.

Институционалды аккредиттеудің мақсаты жоғары оқу орындарында халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы сапа кепілдігі жүйелерінің озық тәжірибесін қалыптастыру, жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, стратегиялық нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге қатысу, жұртшылықты жоғары білім беру ұйымы туралы хабардар ету.

Сыртқы бағалауды Қазақстанның, Ресейдің жетекші ғалымдары және жұмыс берушілер кіретін ARQA тәуелсіз сарапшылар тобы өткізді.

Сарапшылар тобының отырысында Семей бөлімшесінің басшысы Рақыш Шумаев сөз сөйледі.

«Стандарттау, сертификаттау, метрология» мамандығы бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысында көптеген жылдар бойы жұмыс тәжірибесі бола отырып, ол студенттердің білім деңгейінің сапасына баға берді.

Осылайша, «Стандарттау және биотехнология» кафедрасы  басшылығымен жоғары сапалы дәрумендер, минералдар, микроэлементтер және диеталық талшықтары бар қаныққан майлар мен трансмайлық қышқылдардың, қарапайым қант пен тұздың құрамында аз өнімдерді өндіру сапасын жақсарту және кеңейту шеңберінде студенттер бірқатар жаңа тағам өнімдерін әзірледі.

Департамент Сeмeй бөлімшесі мен «ҚaзСтИн» РМК Семей қаласы бойынша өкілдігінің базасында тұрақты негізде өткізілетін студенттердің өндіріс практикасының сапасына назар аударады.

ШҚО бойынша ТРжМК департаментінің қызметкерлері техникалық реттеу мамандарын даярлау үрдісіне белсене қатысады. Университетпен әртүрлі бағытта жұмыстар жүргізіледі: Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аккредиттелген зертханасының жұмысына қатысу, кафедра оқытушыларының, сапа менеджменті жүйесіне жауапты қызметкерлерінің, ішкі аудиторлардың біліктілігін арттыру үшін «ҚaзСтИн» РМК өткізетін дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысу.

Кездесу барысында Челябинск қаласының Оңтүстік-Орал мемлекеттік аграрлық университетінің сарапшы профессор Шериязов Сәкен Қойшыбайұлы техникалық реттеу мен СМЖ бойынша мамандарды дайындауда одан әрі ынтымақтастыққа ниет білдірді.

Департамент Комитета по ВКО принял участие в институциональной аккредитации Государственного университета им. Шакарима

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті