Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

2509/19
В Северо-Казахстанской области провели рабочее  совещание с государственными органами

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік органдармен жұмыс отырысы өткізілді

ҚР СИМ ТРМК СҚО бойынша департаменті мемлекеттік органдармен ЕАЭО ТР 036/2016 "Сұйытылған көмірсутекті газдарға оларды отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" (бұдан әрі – техникалық регламент) талаптарын талқылау бойынша жұмыс кеңесін өткізді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұстанымдарын әзірлеу бойынша, ЕАЭО ТР бойынша бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру бойынша АГҚС нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтау.

Отырысқа ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің СҚО бойынша департаментінің, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаментінің, ҚР ҮКҚЭҚК экология департаментінің өкілдері қатысты. СҚО әкімдігі жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы. Жұмыс кеңесі барысында Департаменттің бас маманы Азамат Кәрімов ҚР "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңы мен техникалық регламент ережелері туралы айтты.

Газ сапасының сұрақтары көтерілді, себебі газ әртүрлі сипаттамалары болуы тиіс; тұрмыстық пайдалану үшін баллондарды толтыру үшін және автокөлік құралдарына отын ретінде пайдаланатын газға әртүрлі баға. Сондай-ақ, қатысушылар газ құю станцияларында бақылау және қадағалау бойынша өз өкілеттіліктерін айтты. Газ баллондарын сынау туралы мәселе көтерілді, өйткені газ құю станциялары баллондарды техникалық жарамдылығын тексермей толтырады.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің СҚО бойынша департаменті осы ұйымдардың өлшеу құралдарына тексеру жүргізу мәніне өңір бойынша газ өткізетін кәсіпорындардың тізімін әзірледі.  Тексеру зертханасының жауабына сәйкес, өлшеу құралдарын салыстырып тексеруді газ өткізетін өңір кәсіпорындарының бірліктері жүргізеді және онда барлық өлшеу құралдарын салыстырып тексермейді.

Жұмыс отырысының қорытындысы бойынша алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу, сондай-ақ газ сататын кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізу туралы шешім қабылданды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті