Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1102/19
 Обсуждение проекта изменения № 2 к ТР ТС «Требования безопасности пищевых добавок, ароматизаторов и технологических вспомогательных средств» завершается 25 февраля 2019 года

«Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» КО ТР № 2 өзгеріс жобасын талқылау 2019 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады

ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде дөңгелек үстел өткізді.

Кездесудің мақсаты КО ТР 029/2012 «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» Кеден одағының техникалық регламентіне №2 өзгеріс жобасын, сондай-ақ көпшілік талқылаудағы құжаттар жиынтығын талқылау болды.

Департаменттің бас маманы Марат Сармолдаев: «Бастаманың мақсаты – адамдардың денсаулығын қорғау, ЕАЭО талаптарын халықаралық стандарттармен және негізгі сауда серіктестерінің ережелерімен үйлестіру, техрегламенттің тағамдық қоспаларына және бірыңғай санэпидқадағалауға қойылатын талаптарды бірыңғай жүйеге келтіру. Өзгерістер жобасы Регламенттің көптеген баптары мен қосымшаларын қамтиды. Сонымен, «асханалық тәттілендіргіш», «кешенді тағамдық қоспа», «мутантты микроорганизмдер» және т. б. регламенттерінің түсініктерімен ережелерді нақтылау, толықтыру, редакциялау қарастырылған. Қоспалардың, хош иістендіргіштердің, қосалқы құралдардың қауіпсіздігіне, оларды тамақ өнімдерін дайындау кезінде қолдануға; өткізу процестеріне; тағамдық қоспаларды, қосалқы құралдарды, хош иістендіргіштерді және тамақ өнімдерін таңбалауға; сәйкестікті бағалауға және т.б. арналған талаптарға да өзгерістер енгізіледі. КО ТР 029/2012 «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенті бұрыннан пысықтауды қажет етеді, оның жекелеген ережелері ескірген. Регламент ережелерін халықаралық нормалардың талаптарымен уақтылы үйлестіру, КО ТР мазмұнын неғұрлым толыққанды қолдану үшін өзектендіру және редакциялау өте маңызды»-  деді.

Жобаны жария талқылау 2019 жылдың 25 ақпанына дейін жалғасады. Дөңгелек үстел барысында шақырылғандар пікірлерімен бөлісіп, департамент және «ҚазСтИн» РМК-ның мамандарынан жауаптар алды.

 Обсуждение проекта изменения № 2 к ТР ТС «Требования безопасности пищевых добавок, ароматизаторов и технологических вспомогательных средств» завершается 25 февраля 2019 года

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті