Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

2409/19
В ходе профилактического контроля с посещением проверяемого субъекта (объекта) и внеплановой проверки специалистами Департамента по Мангистауской области проведена разъяснительная работа

Тексеру субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жұмыстары барысында Маңғыстау облысы Департаменті мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті мамандарымен «КазАзот» АҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 28-1 бабының 1 тармағына сәйкес, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау, метрологиялық шамалар мен қағидалардың сақталуы, өлшем құралдарын тексеру және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша, оның ішінде өзгерістер бизнеске жүктемені азайтуға, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін және метрология саласындағы жұмыс сапасын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.05.2019 жылғы № 287 бұйрығымен бекітілген 2019 жылдың IІ жартыжылдығына арналған бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кестесіне сәйкес, профилактикалық бақылау барысында және  Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бап, 3-тармақ, 1-тармақшасына  сәйкес, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында өткізілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өтті, өндіріс қызметкерлері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып, департамент мамандары тарапынан нақты жауаптар алынды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті