Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1203/19
Безопасность железнодорожного транспорта

Темір жол қауіпсіздігі

Өзекті мәселелерді анықтауда, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамалардың талаптарын түсіндіру мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, метрология және стандарттау институттарының өкілдерінен тұратын Өңірлік штабтың мүшелері «СКЭП» ЖШС-де сапармен болды.         

Департамент мамандары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын және кеден одағының техникалық регламенттерін «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 001/2011), «Жоғары жылдамдықты теміржолдың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 002/2011),  «Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 003/2011) түсіндірді, Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» индикаторын жақсарту жөніндегі шаралар туралы, азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық актілердің мақсаты мен міндеттері туралы айтты, сондай-ақ дәл емес өлшеулердің салдарынан қорғану қажеттігі туралы еске салды.

Кездесунің қорытындысы бойынша техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттар туралы ақпараттандыру және хабарлау арқылы ынтымақтастық туралы бірлескен шешім қабылданды.

Анықтама: «СКЭП» ЖШС –темір-бетон және ағаш шпалдарына арналған резеңке-маталық пен резеңке тығыздағыштар, тіреуіш тіректер, жартылай вагондарға арналған тежегіш тетігінен тетіктер жиынтығы, жартылай вагонға арналған тежегіш тетігі элементтерін жасайтын   отандық  тауарөндіруші болып келеді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті