Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

You are here

Жаңалықтар

1405/19
При покупке ювелирных и других изделий будете осторожны !!!

Зергерлік және басқа да бұйымдарды сатып алу кезінде сақ болыңыз !!!

ҚР ИИДМ Техниқалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Молл Апорт" ССО» зергелерік бұйымдарды сататың кәсіпкерлермен кесдесу өткізді.

"Барыс басы" белгісі мен "KZ" халықаралық аббревиатурасы бейнеленген Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалы таңбасы болмаса, зергерлік және басқа да бұйымдарды сатуға заңмен тыйым салынады, мұны республиканың әрбір тұрғыны білуі тиіс.   

Зергерлік бұйымдарды сатып алу кезінде ҚР сынама таңбасына назар аударыңыз. Қазақстандық сынама таңбасыз төмен сынамалы зергерлік бұйымдарды сатып алуға болады.

Зергерлік және басқа да бұйымдарға қолдан жасалған материалдар жапсырмасында осы тас бағалы емес екендігі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Бұйымда сынамалық таңбаның болмауы заңсыз дайындалған бұйымды сатып алудың белгісі болып табылады.

Бұл нормалар "бағалы металдар мен бағалы тастар туралы" ҚР Заңында келтірілген.

Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу кезіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген критерийлеріне сәйкес субъектіге (объектіге) барумен және барусыз тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитеті